Жаналық

Хабарландыру! Оралмандарды қабылдауды жүзеге асыратын қоғамдық қабылдау орындары жұмыс жасайды

2019-08-08 46 рет қаралды

«Отандастар қоры» КЕАҚ (бұдан әрі-Қоғам) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында берген тапсырмасын орындау шеңберінде оралмандарды бейімдеу және әлеуметтендіру тетіктерін құру, сондай-ақ шетелде тұратын отандастармен байланысты нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.

Жоғарыда көрсетілген бағыт шеңберінде «қоғамдық қабылдау орындарын» құру жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде отандастар мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі - Орталық), сондай-ақ оралмандар-репатрианттарды жеке қабылдауды жүзеге асыратын қоғамдық қабылдау орындары жұмыс істейді.

Бірыңғай байланыс орталық келесі ақпаратты бере алады:

• Виза мәселесін түсіндіру;
• Қазақстанда туыстарына уақытша тұру тәртібін түсіндіру;
• Көші-қон карточкасын рәсімдеу, оралман мәртебесін алу, белгілі мекен-жай бойынша тұрақты тіркеуге тұру, ҚР-ның азаматтығын алу тәртіп, талаптары туралы құқықтық ақпарат беру;
• Қазақстанда туыстарына уақытша тұру тәртібін түсіндіру;
• Көші-қон картасын рәсімдеу, оралман мәртебесін алу, тұруға рұқсат Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібі;
• Қазақстан Республикасының зейнетақызаңнамасы, мүгедектігі туралы, үкіметтің көпбалалы отбасыларға берілетін жеңілдіктер туралы ақпараттары;
• Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына, білім беру мекемелеріне оқуға түсуге ниет білдірген жастарға, емтихан тапсырудың тәртібі мен мерзімдері туралы ақпарат беру;

• Оралмандарға арналған оқу квотасы туралы сенімді ақпарат беру және т.б.

Орталыққа көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласа аласыз:

- 1404 ( барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін);
- 8 800 080 1404 ( барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін);
- +7 (7172) 981404 ( барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен);
- 8 701 000 1404 ( WhatsApp ,Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшін);
- E-mail :komek@oq.gov.kz;
- Skype : komek@oq.gov.kz.