Жаналық

Құрбан айт қарсаңында жаңа мешіт ашылды

2019-08-09 107 рет қаралды

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Жаңақорған кенті, "Жаңа ауыл" мөлтек ауданында жеке кәсіпкер Батталов Мұстафа ағамыздың демеушілігімен мешіт ашылды. Ашылу салтанатына ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Абуов қатысып, аудан халқын мұсылмандардың ұлық мерекесі қарсаңында қатар келген қуаныштарымен құттықтап, демеуші азаматтарға алғысын білдірді.

Мешіттің лентасы салтанатты түрде қиылған соң сәулеті келіскен жаңа құтханада дүниеден өткен ата-баба рухына құран бағышталды, Алла Тағалаға мадақ айтылып, жамағатпен дұға жасалды.

Айта кетейік, "Жаңа ауыл" мешітінің бас имамы болып Данияр Ахметов бекітілді. Жеке кәсіпкер Мұстафа Батталовтың демеушілігімен салынған мешітте бір мезетте 200 адамға дейін құлшылық жасай алады. Қазіргі таңда Жаңақорған ауданында барлығы 36 мешіт үйі орналасқан.