Жаналық

Құрбан айт мерекесі аталып өтті

2019-08-12 32 рет қаралды

Жылдағы дәстүр бойынша Құрбан айт мерекесін жаңақорғандықтар жоғары деңгейде атап өтті. 11 тамыз күні Жаңақорған кенті орталық алаңында үш киіз үй және үлкен шатырларда дастархан жайылып, үлкен мерекеге айналды. Құрбан айт қарсаңында орталық саябақ ішіндегі барлық балалар ойын алаңы яғни аттракциондар, көше маршруттары мен бірнеше таксилер тегін қызмет көрсетті. Сонымен қатар, 1000 балаға арнайы дайындалған қорап ішіндегі түрлі сыйлықтар, қайырымдылық шаралары, құран жарыс және ұлттық ойындардың барлық түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында аудан әкімі Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы аудан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

ҚҰРМЕТТІ МҰСЫЛМАН ҚАУЫМ!

ҚАДІРЛІ АҒАЙЫН!

Барша мұсылман қауымның ең ұлық мерекесі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Барша мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы – Құрбан айт мерекесі еліміздің бірлігін күшейтіп, бауырластықты арттыра түседі. Ұлттық мәдениетіміз бен салт-санамыздың өзегіне айналған, ата-бабамыздан келе жатқан дініміз тәуелсіз еліміздің бұдан ары қарайғы да рухани-мәдени жаңғыруының негізі бола береді деп сенемін.

Барлық ізгі тілек-ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін!

Құрметпен,

Жаңақорған ауданының әкімі Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы