Жаналық

"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы балаларға қуаныш сыйлады

2019-08-12 64 рет қаралды

"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы "Балаларды мектепке даярлайық" және "Мектепке жол" акциясы аясында балаларға қуаныш сыйлады.

Акциясы аясында «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасы Ғ.М.Әміреев, төрағаның бірінші орынбасары Б.М.Балқожаев 2019-2020 жаңа оқу жылы қарсаңында Жаңақорған кентіндегі 10 балаға мектепке арналған құрал-жабдықтарын үйлестеріп, көмек көрсетіп, арнайы киіз үй тігіліп, дастархан жайып, балаларды қуанышқа бөледі. "Жас Отан" жастар қанаты түрлі ұлттық ойындарды ұйымдастырды. Акция барысында «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалынын төрағасы Ғ.М.Әміреев, төрағаның бірінші орынбасары Б.М.Балқожаев балалардың мектепке тыңғылықты дайындықпен баруына жақсы көңіл-күй сыйлап, жылы ілтипаттарын жеткізді.

Балаларын қуанышқа бөлеген жандарға ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.