Жаналық

Хабарландыру! Ортақ су пайдаланудың қағидалары бекітілді

2019-08-13 75 рет қаралды

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 17 шілдедегі №334 шешімімен Қызылорда облысының ортақ су пайдаланудың қағидалары бекітілді. Қағиданың 19-тармағы бойынша ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:

1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;

2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;

3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;

4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;

5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;

6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;

7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.

Ортақ су пайдалану Қағидаларын бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 364-бабында әкімшілік шаралар қолданатындығы көзделген.