Жаналық

30 тамыз - Конституция күні аталып өтті

2019-08-31 30 рет қаралды

Құрметті Жаңақорғандықтар!

Ардақты ағайын!

Азаматтығымыздың айшықты айғағы болған Ата Заң – Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке.

Конституцияның жаңа үлгісімен мемлекетіміз ұзақ жылдарға алға қойған үлкен мақсаттарды орындауға қадам басты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында табысты өткен екі жаңғырудан кейін, алға батыл қадам жасап, үшінші жаңғыруды бастау керектігін атап өткен болатын. Бүгінде Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың байыпты бастамаларымен ел игілігі үшін елеулі істер жалғасын табуда. Түптеп келгенде, мұның барлығы да Ата Заңның жасаған құқықтық мәртебесінің мерейі деп білеміз. Бір сөзбен айтқанда, Конституция ол, – жазылған заң. Конституция – қағаз жүзіндегі құжат емес, елдің, халықтың, әрбір азаматтың өмір сүру ережесі. Сондықтан да, әрқайсымыз қазақстанның тең құқылы, өз тағдырына жауапты азаматы ретінде туған Отанымыздың болашағы үшін аянбай қызмет етейік. Біз біртұтас және ұлы ұлт екенімізді мақтан тұтуымыз қажет.

Олай болса, барша аудан тұрғындарына шын көңілден бейбіт өмір, толағай табыс және береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман болсын!

Конституция күні тағы да құтты болсын.


Құрметпен,
Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан Ысқақұлы Мақашов