Жаналық

1 қыркүйек - Білім күні аталып өтті

2019-09-02 36 рет қаралды
1 қыркүйек - Білім күні қарсаңында аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы Мақашов Жаңақорған кенті орталығындағы №56 орта мектебінің "Алғашқы қоңырау" салтанатты шарасына қатысты. Шара барысында аудан әкімі ұстаздар мен оқушыларды "Білім күні" мерекесімен құттықтап, алдағы оқу жылында мектеп ұжымына табыс тіледі.