Жаналық

Аудан әкімі ел арасында

2019-09-03 33 рет қаралды

Бүгін аудан әкімі Сұлтан Мақашов Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Аққорған, Қожакент, Өзгент ауылдық округтерін аралап, тұрғындармен емін-еркін диалог құрды. Сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне ашықтық пен жариялықты ұстанып, үш ай сайын халықпен еркін форматта кездесіп тұруды тапсырды.

– Елдің арасында болудан қашпау керек. Ауыл әкімдері халықпен етене жақын болып, мемлекеттік саясат бағытындағы жұмыстарды дәріптеп, бағдарламалардың игілігін түсіндіріп отыруы қажет, – деді аудан басшысы.

Елді мекендерде атқарылатын жұмыстарды маңызына қарай басымдық беріп, жүйелеу керектігіне тоқталды.

Жалпы ауылдардағы ортақ мәселе: ауыз және аяқ суды шешу, ауылішілік жолдарды жөндеп, апаттық жағдайдағы көпірлерді қалпына келтіру керектігі белгілі болды.