Жаналық

Президент Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіруге бағытталған аудан активінің отырысы өтті

2019-09-06 21 рет қаралды
Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған алғашқы Жолдауының негізгі міндеттерін түсіндіруге бағытталған аудан активінің отырысы өтті.
Жиынға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, аудан ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді жастар, сондай-ақ, денсаулық, білім, мәдениет саласының қызметкерлері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы аудан активінің жиынында Жолдауда айқындалған бес бағыттың әрқайсысына жіті тоқталып, алға қойылған мақсаттар мен межелі міндеттерді саралады.
Сонымен бірге - Кәсіпкер, меценат, «Ислам» шаруақожалығының төрағасы Жұмаділов Мақсат Исламұлы, Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Түбекбаева Әлия Бердібекқызы, Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы Ибрагимов Болат Мақсұтұлы, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балқожаев Мәжит Байқожаұлы, Жаңақорған ауданаралық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тілепбаева Зәуреш Әбдірейімқызы, Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдосова Аягөз Нұржанқызы сөз алып жолдау жүктеген міндеттерді саралап, салалары бойынша атқарылған жұмыстары жайлы хабардар етті.