Жаналық

Аудан әкімі ашықтық пен жариялылықты негізге алып, елмен етене жұмыс жасауды басшылыққа алды

2019-09-09 15 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атқарушы билік халықпен қоғамдық диалог құрып, ашықтық пен жариялылыққа жүгініп, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аударуды тапсырды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды міндеттеді. Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы ашықтық пен жариялылықты негізге алып, елмен етене жұмыс жасауды басшылыққа алды. Мұны аудан басшысының ауылдық округтерді аралап, ауыл тұрғындарымен еркін форматта өткен кездесулерден байқауға болады.

– Ауыл-ауылды аралаудағы негізгі мақсат – ауыл тұрғындарының амандығын біліп, елдің жағдайын бағдарлау. Елді толғандырып отырған мәселелерді зерделеп, шешілу жолдарын анықтау. Әрине бәрін бірден шешу мүмкін емес. Ауыл әкімдері жергілікті қауымдастық мүшелерімен ақылдасып, атқарылатын жұмыстарды маңызына қарай басымдығын айқындап, бізге ұсыну керек. Біз мәселелерді маңыздылығына қарай аудандық, облыстық деңгейде шешудің жолдарын қарастырамыз, – деді аудан басшысы.