Жаналық

Еріктілер тобы қоғамдық қорға айналды

2019-09-09 14 рет қаралды

Бүгін аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобымен кездесті.

Аудан басшысы аталған еріктілер тобы жайында үнемі әлеуметтік желіде және ел аузынан игі бастамалары жөнінде жиі естіп жүргендігін айтты. Сондай-ақ, аудан басшысы "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобының мүшелерін алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобы ретінде игілікті шараларға ұйытқы болды. Атап айтқанда, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тұрғын үй салып беріп, "Қамқор" әлеуметтік дүкенін ашты. Ендігі уақытта еріктілер тобы қоғамдық қор ретінде өз жұмыстарын жалғастыратын болады. Яғни, "Жаңарған Жаңақорған жастары" еріктілер тобы қоғамдық қор ретінде заңды түрде тіркелді.