Жаналық

"Nur Otan" партиясы ұйымдастыруымен Президент жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді

2019-09-11 19 рет қаралды

"Nur Otan" партиясы ұйымдастыруымен Жаңақорған аудандық филиалына қарасты 307 партия мүшесі бар "Өнер" бастауыш партия ұйымы Жаңақорған аудандық кітапханасында "Nur Otan" партиясы төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - "Nur Otan" партиясының 7 серпін" атты бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Шараға фракция жетекшісі, депутат Абжалелова Зағипа, "Өнер" бастауыш партия ұйымының жетекшісі Қ.Қошқарбай, кітапхана директоры А.Тілеубергенова, аудандық партия филиалының консультанты М.Ермаханова қатысты. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында жарияланған басты мәселелер түсіндіріліп, негізгі бағыттар "Өнер" бастауыш партия ұйымында талқыланды. Жолдауда көтерілген мәселелерді ел болып жүзеге асыру арқылы еліміз қазіргіден де көркейе түседі деп сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясы әрқашан халықпен бірге жұмыс істеуге дайын. Алдағы уақытта жолдауды насихаттау жұмыстары өзге де бастауыш партия ұйымдарынада өз жалғасын табатын болады.