Жаналық

Аудан бойынша жылу маусымына дайындық жайлы

2019-09-27 35 рет қаралды

Жаңақорған ауданы бойынша 2019-2020 жылдардағы жылу маусымы кезіндегі көмірдің тұтыну көлемін анықтау үшін аудандағы тасымалдаушы мекемелердің (ЖСШ Жаңақорған Техсервис, ЖК Рахматуллаев, ЖК Турганбаев Ф) ұсынған жоспарлары негізінде жылу маусымының соңына дейін халыққа 24000 тонна қажеттілігі анықталды.

Тамыз айынан бастап ауданға жалпы 3780 тонна (54 вагон-15%) көмір жеткізілген. 16 қыркүйек күніне аудандағы отын базаларында 2710 тоннадан астам қатты отын қоры бар.

Халыққа көмірдің жөнелтуіне байланысты Жаңақорған ауданының Сунақата, Екпінді, Еңбек, Сүттіқұдық, Төменарық елді мекендері қосымша Шиелі ауданынан, оңтүстігіміздегі Қаратөбе, Қандөз, Көктөбе, Келінтөбе, Түгіскен, Бесарық елдімекендері қосымша Түркістан қаласынан көмір тасымалдауына орай, аудан халқы қазіргі уақытта 30 пайызға жуық көмірмен қамтылып отыр.

Аудандағы ірі көлемде «Шұбаркөл» маркалы көмір тасымалдайтын кәсіпкерлердің бірі ЖК Рахматуллаев қыркүйек айының 11 күнінен бастап көмір (бүгінге дейін 19 вагон және 10 вагон жолда келе жатыр, кәсіпкер басқа аудандармен салыстырғанда 1 айға кешігіп бастады) жөнелте бастады және де көмір өндіретін кәсіпорындарымен 30000 тн жуық көмірге келісім-шартқа отырғандығын ескертеді.

Кәсіпкерге көмір босату барысында тұрғындар арасында көмірді алып-сатуға жол бермеу үшін және әлеуметтік шиеленіс жағдайларының алдын алу мақсатында 6-7 тоннаға дейін лимит қою жөнінде ұсыныс жасалды.

«Шұбаркөл» маркалы көмірдің бағасы 13800 теңгеден сатылуда.