Жаналық

Аудан әкімі кент орталығындағы білім беру мекемелерінің жұмысымен танысты

2019-09-29 45 рет қаралды

Бүгін аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы кент орталығындағы барлық 7 мектеп ұжымының жұмысымен танысты. Жалпы негізгі мәселе - мектептердің жылу маусымына дайындығын тексеру. Жаңақорған кенті орталығындағы барлық білім беру мекемелері осыған дейін жылу маусымында көмір және сұйық отын пайдаланып келсе, бүгінде таңда барлық 7 мектеп ғимараты толығымен табиғи газға қосылған, яғни жылу маусымына толығымен дайын.

Сондай ақ, әлеуметтік желіде көп талқыланатын мәселелердің бірі мектептердің әжетхана мәселесі, ыңғайсыз әрине, алайда аудан басшысы бұл мәселенің өте маңызды екендігін айтып өтті және жеке-жеке тексеріп өтті.