Құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
2019-09-29 66 рет қаралды27 қыркүйек күні Жаңақорған ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысы кезінде 5 мәселе бойынша баяндамашылардың баяндамасы тыңдалды.
1. Мүдделі органдардың құқық бұзушылықпен күресте атқаратын жұмыстарын пысықтап, міндеттерін айқындау мақсатында аталған бағыттағы жұмыстар туралы;
2. Аудан көлеміндегі мал ұрлығына тосқауыл қою бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы;
3. Төменарық ауылдық округінде құқық бұзушылықтардың алдын алуға байланысты атқарылған жұмыстары туралы;
4. Жаңақорған ауданының білім бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары туралы;
5. «Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы.
