Жаналық

Бастауыш партия ұйымдары арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді

2019-10-01 43 рет қаралды

«Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты 32 бастауыш партия ұйымдары арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

«Nur Otan» партиясы құрылғанына 20 жыл толуына орай, бастауыш партия ұйымдары арасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жарыс өткізілді. Аталған шараға барлық бастауыш партия ұйымдары, аудандық маслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары қатысты. Жарыстың ашылуында сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балқожаев Мәжит Байқожаұлы жарысқа қатысушы белсенді партия мүшелеріне сәттілік тіледі.

Сонымен бірге аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының шарасы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытудағы маңыздылығына тоқталды.

«Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа 32 команда қатысып, жарыс өте тартысты өтіп, әр спорт түрі бойынша партия мүшелеріне түрлі номинациялар, 1,2,3 дәрежелі димломдар, барлық ұлттық спорт түрлерінен «Асық ату», «Қол күрес», «Арқан тарту», «Тоғызқұмалақ» ойындары бойынша жиналған ұпай бойынша ең көп ұпай жинаған «Жалын» бастауыш партия ұйымы жүлделі І орынды, ІІ орында «Жайылма» бастауыш партия ұйымы, ІІІ орынды «Бесарық» бастауыш партия ұйымы иеленіп, жеңімпаз командаларға «Nur Otan» партиясының арнайы кубоктары табысталды.