Жаналық

ХАБАРЛАНДЫРУ! «Өзіңе сене баста!» атты көрме-байқау өтеді

2019-10-03 26 рет қаралды

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2019 жылдың 23 қазан күні өңіраралық «Өзіңе сене баста!» атты көрме-байқауы өтеді. Көрмеге өз әлеуетін бизнесте де іске асыруға толық ынта жігері бар кәсіпкерлер қатыса алады.

2018 жылы сәуір айында алғаш рет облыс орталығында өткізілген «Өзіңе сене баста!» атты көрме-байқауында Аққұм ауылының тұрғыны 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі қызымыз Орал Қасиет бас жүлде 1,0 млн теңгенің сертификатын жеңіп алды. Сол жылы бізден 4 мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер қатысты. Бірі ағаш ұстасы, бірі қолөнерші, тағы бірі қыз жасауын жасайтын тігінші болса, ендігі Орал Қасиетіміз бисерден неше түрлі гүлдер мен кәдесилер жасап алып барып, көпшіліктің көзіне дараланып түсті.

Көрме-байқауға қатысуға үміткерлер 3х4 суреті және өмірбаяны, кәсіпорынның атауы мен өндіріс бағыты, мемлекеттік бағдарламаға және қайырымдылық шараларына қатысуы, міндетті әлеуметтік және салық төлеуде белсенділігі бойынша анықтамаларын (дәлелдеуші құжаттарымен) қоса ұсынуы қажет.