Жаналық

«Текті сөздің төресі-терме» атты аудандық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

2019-10-04 41 рет қаралды

Сөз маржанын сазды әуенмен жеткізетін ұлы дала өнерпаздарын анықтайтын «Текті сөздің төресі-терме» атты аудандық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті.

Қожакент ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа көмейіне бұлбұл ұялаған 11 үміткер қатысты. Әр ауылдық округтен келген үміткерлер үкілеген үміттері, атадан балаға мұра болған өнерді дәріптеді.

Сайыскерлердің ішінде жақсы өнер көрсеткен Жайылма ауылдық округінен келген Ғалымжан Омаров бас жүлдені иеленді. Қожакенттік Қосымова Гүлнар бірінші орынды иеленсе, екінші орынды Кейден ауылдық округінің өнерпазы Өскенбай Көкен иеленді. Ал байқаудың үштігін Қожакенттік Әлімқұлов Қожамұрат түйіндеді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.