Жаналық

Ұстаздар күні аталып өтті

2019-10-07 29 рет қаралды

5 қазан күні Жаңақорған аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұлағатты ұстазға-үлкен ықыласпен" атты ұстаздар күніне орай мерекелік салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы қатысып, барша ауданның ұстаздарын мереке күнімен құттықтады. Үздік 10 ұстазға алғыс хаттар мен теледидар табыс етілді.

Мерекелік шарадан кейін аудандық білім бөлімі жалпы білім саласының атқарылған жұмыстары мен көрсеткіштері жайлы көрме ұйымдастырды. Бүгінгі таңда әсіресе балалар робототехникасы жылдан жылға даму үстінде, яғни қызығушылық өте жоғары.