Жаналық

ҚАДІРЛІ ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ

2019-10-05 32 рет қаралды

Дүниені кеңінен көріп, тереңінен зерделеп, оқыған-тоқығаны мол қарияларымыз ауданымызда жетерлік. Жаңақорған кенті орталығындағы №3 мектеп-интернатының қабырғасында үздіксіз қызмет етіп, білім шаңырағында үнемі қажырлықпен еңбек еткен, өз саласының еңбек торысы атанған, ұстаздық қызметіне адал берілген ардагер ұстаздардың бірі 93 жастағы Бибасаров Базарбай атамыз. Мереке қарсаңында қадірлі ұстазды аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов арнайы құттықтап, сый- сияпат көрсетті.

Айта кетейік, Базарбай қарияның жұбайы Қалдыгүл апайда осы, мектеп интернатында ұзақ жылдар бойы еден жуышы болып жұмыс атқарған, қазірде үлкен отбасылардың бірі. Қалдыгүл апа 14 құрсақ көтерсе, бүгінгі таңда 6 ұл, 4 қыз тәрбиелеп отыр. Ұлының ең үлкені 71 жаста.