Жаналық

«Бастау» жобасына қабылдау жүріп жатыр

2019-10-30 21 рет қаралды

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы 2019 жылдың 4-5 қараша күндері «Бастау» жобасы бойынша тегін оқу курсының 6-легіне қабылдау үшін тестілеу өткізілетінін хабарлайды.

Жоба қала/аудан тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. 18 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтарды, өз бизнесін ашқысы келетін жұмыссыздарды, сондай-ақ бизнесті кеңейтуге мүдделі, жұмыс істейтін кәсіпкерлерді (3 жылға дейінгі) оқуға шақырады.

Жобаға қатысу үшін тестілеуден өту қажет, оның нәтижесі бойынша топқа іріктеу жүргізіледі.

Толық ақпарат алу үшін келесі мекен-жайларға хабарласуға болады:

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі №12, телефон: 8/7242/40-09-81,  сайт: www.atameken.kz.

Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының мекен – жайлары:

Арал ауданы – Арал қаласы, Бактыбай батыр к-сі №46 үй, тел:8/72433/79-1-99;

Қазалы ауданы – Әйтеке би кенті – Әйтеке би к-сі  №9 «а» үй, тел:8/72438/79-2-43;

Қармақшы ауданы – Жосалы кенті, Көшербаев к-сі №36 үй, тел:8/72437/79-1-20;

Жалағаш ауданы – Жалағаш кенті, Қазыбек би к-сі №47 «а» үй, тел:8/72431/79-1-99;

Сырдария ауданы – Тереңөзек кенті, Қонаев к-сі №12 «а» үй, тел:8/72436/79-1-79;

Шиелі ауданы –  Шиелі кенті, Рысқұлов к-сі №5 үй, тел:8/72432/79-2-55;

Жаңақорған ауданы –  Жаңақорған кенті, Иманова А. к-сі №134 «а» үй, тел: 8/72435/79-1-20.