Жаналық

Іскер әйелдер форумы өтті

2019-10-31 21 рет қаралды

Бүгін Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық Іскер әйелдер форумы өтті.

Форум барысында аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы ауданның әлеуметтік -экономикалық, мәдени-рухани даму жоспарларымен және алдағы атқарылатын жұмыстарымен бөлісті. Яғни Жаңақорған кенті келбетінің көркеюі, ауыз су, электр жарығы басқа да түрлі аудан тұрғындарына ортақ қызмет көрсететін алаңқайлар, автотұрақтар, жаяу жүргізушілер жолы, орталық алаң келбеті жайлы өз жоспарларымен бөлісті, сондай ақ іскер әйелдер қауымдастығы тарапынан да игі бастамаларды бірлесе атқаруды ұсынды.

Шара соңында үздіктер марапатталды. Шара еркін форматта, өнерпаздардың тақырыптық әуезді әндері және ысырапсыз жайылған дастархан мәзірі қатысушылардың көңіл күйіне әсер етіп, өз ризашылығын білдірді.