Жаналық

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары жайлы

2019-11-01 19 рет қаралды

2019 жылы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып 123 елді-мекен анықталған.

Жалпы күзгі залалсыздандыру жұмыстары Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария,Шиелі және Жаңақорған аудандарында толықтай аяқталды.