Жаналық

Жаңа прокурор тағайындалды

2019-11-02 41 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2019 жылғы 31 қазандағы бұйрығымен Әбіш Дарын Елтайұлы Жаңақорған ауданының прокуроры болып тағайындалды. Жаңадан тағайындалған прокурорды Жаңақорған ауданының активімен Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Алибаев таныстырды.

Дарын Елтайұлы 1978 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туылған. 1998 жылы Түркістан қаласы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің заңгер мамандығы бойынша білім алған.

1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында болып, еңбек жолын 2000 жылы Жаңақорған ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Одан әрі Сырдария ауданы прокурорының көмекшісі, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, облыс прокуратурасының бөлім прокуроры, 2005-2010 жылдары Жаңақорған ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

2010-2019 жылдары облыс прокуратурасында түрлі салаларда үздіксіз қызмет етіп, облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 2019 жылдың мамыр айынан осы күнге дейін облыс прокуратурасының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы қызметтерін атқарып келген.

Қызметтегі жетістіктері үшін Бас прокуратураның және облыс прокурорының бұйрықтарымен бірнеше мәрте марапатталған.