Жаналық

Елімізде халық саны қанша?

2019-11-04 25 рет қаралды

Ағымдағы жылдың 4 қарашасындағы жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 18 млн 587 мың 449 адамды құрады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми сайтында халық санының онлайн-есептегіш қызметінен көруге болады. Бұл бүгін, 4 қараша сағат 10:40-тағы көрсеткіш.

Есептегіш құралда дүниеге келген, көз жұмған және басқа да жағдайлар бойынша еліміздегі халық санының артқаны, не кеми түскені әр секунд сайын өзгеріп отырады.

Сондай-ақ демографиялық оқиғалардың жиілігіне қатысты ақпараттар ұсынылған. Мәселен, соңғы бір айда әрбір 85 секундта елімізде 1 нәресте тірі туылды, әрбір 241 секунда 1 адам өлді, әрбір 1965 секундта 1 адам елге келген (иммигрант), әрбір 802 секундта 1 адам елден шыққан (эмигрант).

Айта кетейік, жыл басында ел халқының саны 18 млн 392 млн 960 адамды құрады. 2019 жылдың қаңтарынан осы тәулікке дейін Қазақстанда 327 мың 732 нәресте тірі туылды, 112 мың 755 адам көз жұмды, иммигранттар – 11 мың 444, эмигранттар – 32 мың 196, жалпы өсім 194 мың 225 адамды құрады.