Жаналық

Сапалы білім мен бала тәрбиесі алғашқы орында

2019-11-05 31 рет қаралды

04 қараша күні Жаңақорған ауданының әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы аудандық білім бөліміне қарасты барлық 42 білім беру ұйымдарының басшыларымен еркін форматта кездесу өткізді.

Сұлтан Ысқақұлы аудан әкімі болып тағайындалғанына екі ай уақыт болды. Осы уақыт ішінде аудан көлеміндегі барлық мектеп ғимараттарымен танысып, бірнеше кемшіліктер айтылған болатын. Бүгінгі жиында осы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Айтар болсақ:

- білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын 1 ай мерзімде (ішкі, сыртқы бейнесі, жылу қазандығының және сыртқы әжетхана тазалығы, қатты отын сақтау қоймасының болуы) жақсартуын;
- мектеп оқушыларын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, яғни диспенсерлер орнату;
- мектеп ішінде жедел түрде әжетхананың болуын қамтамасыз ету;
- мектеп ауласын көгалдандыру;
- ұжымдық моральдық-психологиялық ахуалының тұрақты болуын қамтамасыз ету;
- мектептердегі кадр қабылдау мәселесінде заңдылықтардың қатаң сақталуын және кіші тех қызметкерлерді міндетті түрде еңбек биржасы арқылы қабылдау, ашықтық пен жариялылық принципін ұстау;
- мектепте жылу маусымында жылудың үнемі 21 градустан төмен болмауын қадағалау;
- құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында аптасына бір рет "Құқық күні" болып белгіленіп, құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру;

- мектеп басшыларының сағат 08.00 ден 19.00 аралығында жұмыс орнында болуын және тағы да басқа нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда бірқатар мектептерде ішкі әжетхана орнату жұмыстары аяқталды, бұл жұмыс барлық мектепте 15 қарашаға дейін толық аяқталады деп жоспарлауда.