Жаналық

Аудан әкімі әлем чемпионатының жүлдегерлерін арнайы құттықтады

2019-11-06 46 рет қаралды

Бүгін аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы жақында Казань қаласында өткен белбеу күресінен әлем чемпионатының жүлдегерлерін арнайы құттықтады.

Бүгінгі күнге дейін үлкен әлемдік додаларды мойындатқан жерлестеріміз самбодан 2 дүркін, белбеу күресінен ҚР чемпионы Диана Нұрханқызы II орынға, белбеу және греплингтен спорт шебері Арайлым Берікқызы III орынға, белбеу күресінен 5 дүркін ҚР чемпионы Меруерт Құрбанбекқызы III орынға ие болды.

Жеңімпаз атанған спортшыларды аудан жұртшылығы күтіп алды.

Спортшы қыздарды әлемдік додаға дайындаған жаттықтырушылары: Аслан Нұрқожаев және Әбдусаттар Садықов.