Жаналық

Тозығы жеткен электр желілері жаңартылуда

2019-11-20 32 рет қаралды

Аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы Жаңақорған кентінің мөлтек аудандары мен кент ішілік көшелерін аралау барысында көшедегі тозығы жеткен электр желілері мен трансформаторларды ауыстыру жөнінде тапсырмалар берілген болатын. Осыған орай, бүгінде тиісті жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда, Жаңақорған кенті Қоңқабаев, Сапарбаев, Есболғанов, Өркендеу көшелеріне жаңа трансформатор орнатылды және жаңа электр желілері жүргізілді. Сондай-ақ, осындай жұмыстар биыл жылдың соңына дейін Раушан, Байдүйсен көшелеріне де жүргізіледі.

Айта кету керек, электр желілерінен бөлек жыл соңына дейін бірнеше көшеге көше жарықтары жүргізіледі. Әлеуметтік желіде бірнеше рет қозғалған №51 орта мектебіне баратын екі көпір (тұрғындардың "қыл көпір" атанған) және "Алтыкрант" мөлтек ауданынан №125 орта мектебіне барар жол жарықтандырылу жоспарлануда.