Жаналық

Аудан прокуроры «Ашық есік» күнін өткізді

2019-11-21 38 рет қаралды

Өмірде жолдан сүрініп, аяғын шалыс басқан жандардың қоғамға қайта қалыптастырудағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан прокуратурасының бастамасымен аудандық пробация және жергілікті полиция қызметінің есебіндегі тұлғалардың қатысуымен ашық есік күні өтті.

Іс шара барысында пробация есебіндегі 3 азаматқа өз кәсіпкерлігін бастау мақсатында 1 млн теңге көлеміндегі сертификат тапсырылса, 2 азамат тұрақты жұмысқа қабылданды.

Сондай ақ, ашық есікке жиналған есептегі тұлғалардың басым көпшілігі кәсіпкерлік ашу барысындағы құжаттарды рәсімдеу және несиелер алу бағытында сұрақтары тыңдалып, тиісті жауап берілді.