Жаналық

«Мемлекеттік қызметшілерді жаппай құқықтық оқыту» тақырыбында семинар өтті

2019-11-22 30 рет қаралды

«Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының облыс бойынша филиалы тарапынан «ҚР 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат» тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге жаппай құқықтық семинарлар ұйымдастырылды.

Бүгінгі өткізілген құқықтық оқытуға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерлету кабинетінің қызметкері Тұрабаева Ақмарал Айдарқызы, Қызылорда облысы сотының судьясы Маликова Шолпан Маратқызы, Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Сыздық Бақытжан Серікболұлы, Қызылорда  облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының  қызметкері Әйтімов Әбдімәлік, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұралы Бақытжан Уалиханұлы және Техникалық реттеу және метрология комитетінің    Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Қасымов  Серік Қасымұлы  қатысып, тиісті сала мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.