Жаналық

Жасөспірімдердің құқығын қорғау мәселесі жайында жиналыс өткізілді

2019-11-25 37 рет қаралды

Бүгін, яғни, 25 қараша күні Жаңақорған кентінде орналасқан №56 орта мектептің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғалымжан Жарқынбекұлы Сопбековтің төрағалығымен аудандық полиция бөлімі және аудандық білім бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.

Күн тәртібінде "Жасөспірімдердің құқығын қорғау мәселесі және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын-алу" бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың жай күйі туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Мақсұтұлы Ибрагимов аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Ғани Асанұлы Тұрсекеев жасөспірімдерге қарсы жасалатын қылмыстардың толастамай отырғанын және Тараз қаласында орын алған жағдайдың біздің ауданымызда болмайтындығына ешкім кепіл бере алматындығына тоқталды. Барлық білім беру ұйымдарының ауласына бейнебақылау камераларын орнатуды және арнайы күзет мекемелерінің қызметін пайдалануды ұсынды.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғалымжан Жарқынбекұлы балалардың тәрбиесіне немқұрайлы қарамау қажет екендігіне тоқталып, тиісті қызметкерлерге тапсырмалар беріп, жиналысты қорытындылады.