Хабарландыру! Аудан тұрғындарының назарына!
2019-11-26 37 рет қаралдыСіздерді 2019 жылғы 30 қараша күні сағат 11.00-13.00 аралығында аудандық Мәдениет үйінде «Электронды қызмет күні» және «Сапалы қызмет – сапалы өмір» атты кездесуге шақырамыз!
Шаралардың өткізілу мақсаты:
-мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды үйрету және мобильдік құрылғы арқылы электронды-цифрлық қолтаңба беру;
-аудандық білім, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ, энергетика, ТКШ және автомобиль жолдары бөлімдерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша консультациялық кеңестер беру.
Шараны ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы және аудан әкімдігі.
