Жаналық

Қош келдің, мүбәрәк Мәуліт айы!

2019-11-27 36 рет қаралды

Жаңақорған ауданында күллі мұсылман жұртының мерекесі - Мәуліт күніне орай рухани кеш өтті. Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын бұл айда Мұхаммед Пайғамбар дүниеге келген.

Шарапаты мол шарада Пайғамбарға салауаттар оқылып, өнегелі өмірі мен көркем мінезі туралы мазмұнды әңгімелер айтылды. "Жаңарған Жаңақорған Жастары" мен Жаңақорған аудандық орталық мешіті ұйымдастырған шарада бір қатар қайырымдылық шаралар өтті.

Шара барысында "Жаңарған Жаңақорған жастары" ерікті қоғамының төрағасы Еркінбек Нариманұлы жиналғандар арасында «Мұхаммед» есімін еншілеген жас-кәріге арнайы сыйлықтар табыстады.