Жаналық

«Жаңарған Жаңақорған Жастары» қоғамдық қоры жыл қорытындысы бойынша «Жыл еріктісі» номинациясын иеленді

2019-11-28 36 рет қаралды

27 қараша күні аймақ басшысы Қ. Ысқақовтың қатысуымен қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың III облыстық форумы өтті. Шара аясында «Қайырымдылық балалар көзімен» суреттер көрмесі мен «Қайырымдылықтың озық тәжірибелері» ақпараттық стенді ұсынылды.

Форум барысында аудандық «Жаңарған Жаңақорған Жастары» қоғамдық қоры жыл қорытындысы бойынша «Жыл еріктісі» номинациясын иеленді.

Аймақта жыл басынан бері жомарт жандардың қолдауымен 686 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылған, нәтижесінде 40 520 мұқтаж жанға 514,7 млн. теңгенің көмегі көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қайырымдылық жасаушы меценаттарды насихаттау, қолдау жүйесі жұмыс істеуде. «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы шеңберінде «20 игі іс» акциясы, «Тайқазан» эстафетасы, «Қайырымды ел» жобалары сәтті өткізіліп, «Қамқор» акциясы аясында Ұлы Отан соғысы және еңбек, тыл ардагерлеріне көмек беру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сондай-ақ, Ұлы Даланың дәстүрлеріне негізделген «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық науқаны халықтық қолдауға ие болуда.

Форуым аясында қайырымдылық көрсетіп жүрген бірқатар азаматтар "Жылдың қайырымды адамы", "Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін", "Жыл меценаты", "Аймақтың өркендеуіне қосқан үлесі үшін", "Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін", "Жылдың қайырымды компаниясы", "Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін", "Отбасыларды қолдауға қосқан үлесі үшін", "Жыл еріктісі", "Мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін" номинациялары бойынша марапатталып, облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.