Жаналық

«Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының отырысы өтті

2019-11-28 27 рет қаралды

Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залында партиялық актив отырысы болып өтті. Актив отырысына «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Балқожаев Мәжит Байқожаұлы, партия филиалының барлық бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аудандық мәслихат депуттары, партия филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, кент, ауыл әкімдері және бөлім басшылары қатысты.

Жиналысты «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары ашып, Елбасының қатысуымен 25 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында партия филиалдары өкілдерімен кездесуі өтіп, кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлы өңірлерді дамыту бағдарламаларын жетілдірумен қатар, партияның жергілікті жерлердегі жұмыс тиімділігін одан әрі арттырудың негізгі бағыттарын да айқындағаның жеткізді.

Сөз алған «Nur Otan» партиясының фракция жетекшісі З. Абжалелова депуттатық фракция жұмысына шолу жасады. Төменарық бастауыш партия ұйымының төрағасы Н. Көлжанов бастауыш партия ұйымының жұмыстары төңірегінде баяндады. Жиынды қорытындылаған «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Балқожаев Мәжит Байқожаұлы бастауыш партия ұйымының жұмысын одан әре белсендіру мақсатында алдағы атқарылатын жұмыстарды жауапты жетекшілерге тапсырды.

Шарада «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының ІІ кезеңі бойынша 1 санат бойынша облыстан жүлделі ІІ орын алған «JANARYQ» бастауыш партия ұйымының жетекшісі А. Ашимовқа сыйлықтар табысталды.