Жаналық

Бipлесбек Қаниұлы Әлияровтың 80 жас мерей-тойына арналған "Ғылымның шыққан шыңына..." атты iс-шара өтті

2019-11-27 22 рет қаралды

2019 жылдың 26 қараша күні М. Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Бipлесбек Қаниұлы Әлияровтың 80 жас мерей-тойына арналған "Ғылымның шыққан шыңына..." атты iс-шара өтті.

Бірлесбек Қаниұлы Әлияров 1939 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде дүниеге келген. Энергетик, техника ғылымдарының докторы (1985), профессор (1992), Халықаралық энергетика академиясының (1995) және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2004).

ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) және Алматы энергетика институтын (1983) бітірген. Қазақ энергетика ғылым-зертеу институтында аға лаборант, инженер (1963), кіші (1966), аға (1972) ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1982), институт директорының ғылым жұмыстар жөніндегі орынбасары (1988), директоры (1992–2002) қызметтерін атқарды. 2002 жылдан Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы АҚ-ның ғылым жөніндегі атқарушы директоры.

Әлиаров күлі көп Екібастұз көмірін отын есебінде қолдану мүмкіндігін зерттеуге және оны жағатын қазан құрастыруға қатысты. Сондай-ақ отынның жануы кезінде бөлінетін түтін құрамындағы улы заттарды кеміту мәселесін де зерттей отырып, нақты нәтижелер (мысалы, азот тотығының мөлшері екі есе кеміді) алды.

Әлиаров 150-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1987), Қызылорда облысы Жаңақорған ауданың (2005) құрметті азаматы.