Жаналық

ҚР Тәуелсіздік күніне орай аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлының аудан тұрғындарына мерекелік құттықтауы

2019-12-15 43 рет қаралды

 Қадірлі қауым, құрметті жерлестер!

16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен ақжарма тілегі орындалып, жарқын жасампаздық пен үкілі үміті үстем болып, егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашқан күн. Сондықтан бұл мереке қасиетті де қастерлі.

Міне биыл, Қазақстан халқына бақ болып бұйырған, еліміздің еңсесін көтеріп, баршамызға осындай жарқын өмір тарту еткен Ел Тәуелсіздігіне 28 жыл!

Тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемел болып, көк байрағымыз көгімізде мәңгі желбірей берсін. Азаттықтың ақ таңының аясында мемлекет болашағы жолында жұмыла жұмыс жасай берейік. Ұлы Даланы мекен еткен қасиетті қазақ елінің шаңырағы шайқалмай, кең пейілді дархан еліміздің дәрежесі үстем болып, егеменді еліміз өсіп өркендей берсін. Тәуелсіздігіміз баянды болсын.