Жаналық

"Сырдария" республикалық әнші-сазгерлер байқауы өтті

2019-12-20 53 рет қаралды

Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінң қолдауымен, Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен әнші-сазгер Бексұлтан Байкенжеевтің 70 жылдығына арналған "Сырдария" атты республикалық байқау болып өтті.

Композитордың әндерін келер ұрпаққа дәріптеу, әнші-сазгерлік өнерді қатар ұстап келе жатқан өнер иелерінің шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен өнер бәйгесіне 15 әнші-сазгер қатысты. Байқау қорытындысымен Бас жүлдені Исахан Сүлейменов (Алматы облысы), І орынды Асылбек Бейсов (Шымкент қаласы), ІІ орынды маңғыстаулық Марат Сафаров пен Қызылорда облысынан Ислам Нағызхан иеленді.