Жаналық

Жыл қорытындысы бойынша аудан спорты жоғары дәрежеде

2019-12-26 51 рет қаралды

Қызылорда қаласы «Мұз айдыны» СК мәжіліс залында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жылды қорытындылаған алқа мәжілісі өтті.

Алқа мәжілісінде Сыр елінің бірнеше үздік спортшылары, үздік спорт және денешынықтыру бөлімдері, үздік спорт мектептері анықталды. Олардың қатарында:

- Еркін күрестен Əлем чемпионатының күміс жүлдегері Дəулет Ниязбеков «ҚР еңбегі сіңген спорт шебері» атағымен;

- екінші дәрежелі "Үздік спорт бөлімі" - Жаңақорған аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі;

- екінші дәрежелі "Үздік спорт мектебі" - №8 Жаңақорған ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер мектебі марапатталды.

Айта кетейік, бірінші дәрежелі "Үздік спорт бөлімі" мен "Үздік спорт мектебі" номинацияларын Қызылорда қалалық спорт және денешынықтыру бөлімі мен спорт мектебіне табысталды.