Жаналық

28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

2019-12-27 47 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еске салсақ, 2019 жылдың 27 желтоқсан күні сағат 07:22 шамасында Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air авиакомпаниясының № Z2100 рейсі ұшу барысында биіктігін жоғалтып, екі қабатты ғимаратқа соқтығысқан. Құтқару жұмыстары шұғыл басталып, оқиға орнынан өрт шықпаған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде және Алматы облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде жедел психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефоны ашылды.