Жаналық

Жастар жылының жабылу салтанаты өтті

2019-12-30 47 рет қаралды

27 желтоқсан күні аудан әкімінің қатысуымен жастар жылының жабылу салтанаты өтті. Форум барысында ауданымыздағы бірқатар жетістіктерге жетіп жүрген жастарға аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы "Жаңа толқын" атты жастар сыйлығын табыстады.

Шара соңында аудан әкімі мен жастардың еркін пікір алмасуы өтіп, келер 2020 жылға жастар тарапынан ұсыныстар айтылып, аудан басшысы ұсыныстарға өз тарапынан қолдау білдіретіндігін жеткізді.