Жаналық

Сүттіқұдық ауылдық округіне қарасты жергілікті қауымдастық мүшелерінің жиналысы өтті

2020-01-08 32 рет қаралды

Сүттіқұдық ауылдық округінде жергілікті қауымдастық мүшелерінің 2019 жылғы 20 желтоқсан күнгі кезекті №22 жиналысының хаттамасына сәйкес Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері Қарабалаев Дәніштің атын №52 Б.Аралбаев атындағы орта мектептің алдындағы ардагерлер саябағына беруге келісім берілді. Жергілікті қоғамдастық төрағасы С. Шерімбет: Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері Д. Қарабалаевтың соғыс жылдарында майданда жасаған қызметтерін, алып келген орден мен медалдарын ерлікке санап және соғыс жылдарынан кейін ауылдың экономикалық өсіп өркендеуіне зор үлесін қосқандығын, ауылдың жанашыр азаматы болғандығын ескере келіп, ардагерлер саябағы атауын Қарабалаев Дәнішке беру жайлы бірауыздан келісім беретіндігін айтып өтті.