Жаналық

Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің жұмысымен танысты

2020-01-29 60 рет қаралды

Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжіне арнайы іс-сапармен келді. Колледж ғимараты және жатақхана тынысымен және де "Дуалды оқыту жүйесі" аясында ашылған заманауи асхана мен тігін цехымен танысып, оң бағасын берді. Сонымен қатар "Жалынды жастар" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдауға аудандық мәслихат депутаты Серік Абдуллаев және Арман Мажитов арнайы қатысты. Қабылдау барысында Ақмарал Шәріпбайқызы және мәслихат депутаттары "Жалынды жастар" бастауыш партия ұйымының атынан 4 ата-анаға отбасылық күнкөріске қажетті азық-түліктер табысталды.