Жаналық

Аудан әкімі №3 мектеп-интернатының жұмысымен танысты

2020-02-07 38 рет қаралды

Бүгін аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы Жаңақорған кенті орталығындағы №3 мектеп-интернатының жұмысымен танысты. Материалдық-техникалық жағдайымен танысып қана емес, мақсаты биік оқушылармен тілдесіп, сәттілік тіледі.

Жетістігі мол бұл білім ордасының өзге білім беру ұйымдарынан ерекшелігі, бірнеше жылдан бері ұжым қыс мезгілінде жылыжаймен айналысып келеді. Жылыжай үлкен де емес, шағын ғана, алайда өнім өте жоғары.