Жаналық

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне жаңа басшы тағайындалды

2020-02-11 41 рет қаралды

Аудан әкімінің 2020 жылғы 7 ақпандағы өкі­мімен Жаңақорған ауда­нының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағ­дар­ламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметіне Мырзалиев Жарас­хан Наурызханұлы тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжым­ға таныстырған аудан әкімінің орын­басары Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы бөлім басшысы Жарасхан Наурызханұлына сәттілік тілеп, әлеуметтік саланың әлеуетін арттыруға табыс тіледі.

Айта кетейік, Жарас­хан Наурызханұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің түлегі. Бух­галтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2005-2006 жылы «КазПром Кызылорда» ЖШС-де бухгалтер-кассир болып бастаған. 2006-2008 жылы Шалқия кентіндегі «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС-де бас есепші, 2010-2015 жылы аудандық ветеринария бөлі­­мінде бас есепші, 21.05.2015-09.12.2015 жылы арнайы тексеруден өткенге дейін аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі басшысының орынбасары, 2015-2019 жылы аудандық ветеринария бөлімі басшысының орынбасары, 2019 жылдан бүгінге дейін Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарған.