Жаналық

"Қауіпсіз жол" акциясы өтуде

2020-02-12 24 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 11.02.2020 жылғы №1-5-4-110/508-И санды нұсқауына сәйкес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтау мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 12-14 күндері аралығында Жаңақорған ауданы көлемінде "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты жол көлік оқиғаларының алдын-алу және жаңадан қолданысқа енгізілген жол қозғалысы бойынша заңнаманы халыққа түсіндіріп, сол бағытта жұмыс атқару болып табылады.