Жаналық

Биылғы жылы 8 спорт кешені пайдалануға беріледі

2020-02-12 22 рет қаралды

Жаңақорған ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында 2019 жылы 4 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл 8 спорт кешені пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, қосымша тағы 8 спорт кешендерінің құрылысы басталады деп күтілуде.

Солардың бірі жеке кәсіпкер Өскенбай Елдос Жұмаділлаұлы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында бассейн кешенінің құрылысын салуда. Бүгінде бұл жұмыстар қарқынды жүруде.

Оған қоса, 2019 жылы Жаңақорған кенті орталығынан жеке кәсіпкер Балғабаев Болат мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында аудан жастары үшін спорт кешенінің құрылысын бастаған болатын. Спорт кешенінде футбол, гандбол, волейбол, стол теннисі және шахмат үйірмелері жұмыс жасайтын болады. Ғимараттың пайдалануға берілетін мерзімі 2020 жылдың наурыз айы.

Айта кетейік, 2019 жылы Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында Жаңақорған кенті орталығында және Сүттіқұдық, Сунақата, Қожакент ауылдық округтерінде спорт кешендері пайдалануға берілген болатын. Биыл 8 спорт кешені халық игілігіне беріледі.