Жаналық

"Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалында семинар кеңес өткізілді

2020-02-13 19 рет қаралды

Бүгін "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде "Nur Otan" партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының төрағасы, облыс әкімінің кеңесшісі Мақсұт Нәлібаев пен облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хамит Тарбақовтардың қатысуымен семинар кеңес өткізілді. Семинар кеңесте аудандық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының төрағасы және мүшелерімен танысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бағыттарын атап өтіп, алда атқаратын жұмыстарға бірлесіп атқаруға шақырды. Мақсұт Нәлібаев аудан тұрғындарының жеке мәселесіне байланысты қоғамдық қабылдау өткізді.