Жаналық

Пробациялық бақылауға алынған азаматтармен «Ашық есік» күні өтті

2020-02-14 17 рет қаралды

Бүгін облыс прокурорының орынбасары Катаев Дамир Меделбайұлы және аудан прокуроры Әбіш Дарын Елтайұлы, аудан әкімінің орынбасары Сопбеков Ғалымжан Жарқынбекұлы аудандағы құзырлы органдардың басшыларымен бірге пробациялық бақылауға алынған азаматтармен кездесу жүргізіп, ашық есік күнін өткізді.

Ашық есікке жиналған есептегі тұлғалардың басым көпшілігі кәсіпкерлік ашу барысындағы құжаттарды рәсімдеу және несиелер алу бағытындағы сұрақтары тыңдалып, тиісті жауаптар берілді.

Құқықтық реформалардың негізі Қазақстандағы сотталғандардың санын азайту оларды қайта әлеуметтендіру арқылы түзелу жолына түсіру болып табылады.

Бүгінгі күні Жаңақорған аудандық пробация қызметінің есебінде 103 азамат тіркеуде болса, оларды қоғамға қалыптастыруда аудандық прокуратураның бастауымен бірқатар жүйелі жұмыстар жасалуда. Іс шаралар барысында пробация есебіндегі 4 азаматқа өз кәсібін бастау мақсатында 1 млн 250 теңге көлемінде сертификат тапсырылса, тағы 6 есептегі тұлғаға кәсібін ашу үшін наурыз айында сертификаттар табысталатын болады.