Жаналық

Әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметті өткеру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар өтті

2020-02-14 16 рет қаралды

Аудан әкімдігінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларын, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды қатаң сақтаулары, заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында және оның алдын алу бағытында семинар өткізілді.

Семинарға «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл комиссиясының төрағасы, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, облыс әкімінің кеңесшісі Мақсұт Нәлібаев пен облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хамит Тарбақов және аудандағы бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Семинар барысында персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Нұрымжан Бұлдырықов аудандағы кадр саясатының жай-күйі және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен шаралар туралы баяндама жасады.

Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Х.Тарбақов Әдеп кодексінің талаптары, мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексінің талаптарын жете меңгеру бағытында баяндама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл комиссиясының төрағасы, облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі, облыс әкімінің кеңесшісі М.Нәлібаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, мемлекеттік қызметшілерді жұмысын жауапкершілікпен атқаруға шақырды. Семинарды аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Адай Салыбеков қорытындылады.

Семинар соңынан «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты кеңес өткізілді.